• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Магистранттар тәжірибесін шыңдады

2023-04-12 | Ғылым

✅Агроменеджмент және ветеринария факультетінің «Ветеринария» кафедрасында 20.03.2023 – 09.04.2023 аралығында 2 курс магистранттары педагогикалық тәжірибеден өтті.
✅Педагогикалық тәжірибенің мақсаты:
- педагогикалық және оқу-әдістемелік жұмыстың негіздерін оқу; - орта мектепте оқытудың практикалық тәсілдеріне ұмтылу;
- педагогика және психологияның жалпы курсы бойынша білімдерін бекіту;
- оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша материалды берудің әртүрлі технологияларын, оқыту әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
- тәрбие жұмысын жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру және дамыту;
- техникалық пәндер магистрантын оқытушы қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру.
✅Педагогикалық практика барысында магистранттар студенттермен қарым-қатынас мәдениеті, дәрістерді, практикалық және тәрбиелік сабақтарды дайындау және өткізу дағдыларын меңгерді. Педагогикалық тәжірибе болашақ педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын әртүрлі тәрбие әдістеріне қажетті тәжірибені жинақтауға ықпал етті.
 

Бөлісу