• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ғылым апталығы өз мәресіне жетті

2023-04-15 | Ғылым

🎓Түрлі іс-шараларды қамтыған, ғылымның ордасына айналған университетімізде ғылым апталығы өз мәресіне жетті.

🎓Ғылымның дамуы университет деңгейінде, соның ішінде “Ветеринария” кафедрасында білім деңгейі жоғарылап, сапасы артып келеді. Өткен ғылым апталығына көз жүгіртсек.

🎓Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы шеңберінде, қазақтың ұлы ақыны, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Shakarim Poster Event-2023» магистранттар мен докторанттар арасындағы постерлік баяндамалар байқауында жүлделі 3 орынмен Асылхан Дәрия Серікқызы марапатталды.
Ғылыми жетекшісі в.ғ.докторы, профессор Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы.

🎓Сонымен қатар кафедрамыздың профессоры Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы жоғары білім және ғылым министрінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

🎓Студенттер арасындағы “Shakarim INNO-2023” XXVI ғылыми студенттік конференциясында “Ветеринария” кафедрасы, ВМ-802 тобының студенті Семенова Татьяна ең үздік баяндама жасағаны үшін марапатталды.

Ғылым аптасы кафедра үшін сәтті аяқталды. Ғылым жолындағы әр қадамымыз сәтті болғай!
 

Бөлісу