• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Өндірістік тәжірибе барысы!

2023-10-26 | Жаңалықтар

2023 жылдың 04.09-22.10 аралығында ВС-901 тобы өндірістік тәжірибеден сәтті өтіп келді.
Тәжірибе барысында студенттер 3 бағытта өндірістік тәжірибелерін өтті:
-Ветеринариялық инспекция
-Ветеринарнаялық лаборатория 
-КГП
 

Ветеринарлық лаборатория міндеті –ауыл шаруашылық жануарлардың терісі бағалы аңдар,балықтар және аралар арасындағы кездесетін аурулардың диагностикасын өткізу, нақты балауы, сонымен қатар ет, сүт және
басқа азық түлікті және жем- шөпті сараптаудан өткізу.
Зерттеу нысыны-ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар,жабайы жануарлар мен құстар түрлері, әртүрлі номенклатурадағы бактериялар, жем-шөп, су, топырақ және басқа да ветеринарлық бақылау нысандары болып табылады.
Зерттеу әдістері-зерттеулер жүргізу барысында серологиялық, бактериологиялық, молекулалық-биологиялық, биохимиялық, токсикологиялық, және радиологиялық зерттеу әдістері
пайдаланылады.
Серология бөлімінен өткен топ ,онда Компоментті байланысу реакция(КБР),Роз-Бенгал сынамасы(РСК) ,Құжаттармен жұмыс ,Сенбілік базарға барып еттің балғындығын,сүтке сақина реакциясын қойып бруцуллез ге анықтадық.
Өндірістік тәжірбиені дұрыс жүргізу студенттер үшін университет қабырғасында алған теориялық білімін одан әрі ұштастырып, тәжірибе жүзінде қолданып, болашақта ветеринария саласында білікті де білімді маман болуға зор үлес қосады.

Өндірістік тәжірибе барысында атқарған жұмысы үшін Мұқат Диас Октябрьұлы Алғыс хатпен марапатталды.

Бөлісу