• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ғылыми іс-сапар

2023-03-14 | Ғылым

Ветеринария және агроменеджмент" факультетінің “Ветеринария” кафедрасының 2 курс докторанты Мұқатаев Айтбек Мұратұлы 14.11.22-26.11.22 аралығында ШҚО, Зайсан ауданының таулы аймағында орналасқан “Айка” марал шаруашылығына ғылыми іс сапарға барды.
Іс сапар барысында маралдардың тіршілік ету ортасының аумағына, тіршілік ету ыңғайлылығына мән берілді. Маралдардың індеттік ауруларына мониторинг жүргізілді. Пастереллер ауруын болдырмау мақсатында ұсыныстар мен жоспарлар ортаға салынды.ШҚО,Ауылшаруашылығы басқармасының “Зайсан-Вет” ШЖҚ КМК-мен тығыз байланыс орнатылып,біріге жасайтын жұмыстар талқыланды.

Бөлісу