• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Докторлық тағылымдама

2024-04-04 | Ғылым

✅”Ветеринария” кафедрасының 3 курс докторанттары ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама 01.04.2024-30.04.2024 аралығында жалғасады. 
✅Мұқатаев Айтбек Мұратұлы Ресей Федерациясының, Новосібір қаласында орналасқан “Сібір Федералдық ғылыми-зертханалық агробиотехнологиялық орталық” федералдық бюджеттің ғылыми мекемесінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында жас ғалым шет елдік ғылыми жетекшісі в.ғ.д профессор Шкиль Н.А пен диссертация тақырыбын талқылап, зертханалық жұмыстар өткізу жоспарланып отыр. Тағылымдама аяғында біріккен статья жазылып, қорытындыланады.
✅Балғабайқызы Әсем, Сабырова Ақбота Қабылқызы Омск қаласы, “Омск мемлекеттік ветеринарлық институты”, “Ветеринариялық медицина” факультеті, “Мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы және ауыл шаруашылығы малдарының гигиенасы” кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Заболотных Михаил Васильевичтің жетекшілігімен ғылыми жұмыстарына кеңес алып, зерттеу жұмысына кірісті. 
✅Шет елдік тағылымдамалар, біліктілікті арттыру жұмыстары жас ғалымдарды алыс-жақын шет ел ғалымдарымен байланыс орнатып, ғылыми жұмыстарды арқару барысында өз үлесін қосары сөзсіз.

Бөлісу

@livewireScript