ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН СӘТТІ ОРАЛДЫ!
2024-04-12 | Ғылым
✅ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН СӘТТІ ОРАЛДЫ!
✅Кафедрамыздың профессорлық оқытушылар құрамы, Билялов Ермекқазы Ережепович, Жайлаубаев Жанибек Далелович, Серикова Айнур Темешовна, Нуржуманова Жанат Мекешовна, Койгельдинова Айнур Сембаевна Түркия мемлекеті, Карс қаласы, KAFKAS университетіндегі ғылыми тағылымдамаларын аяқтап, арнайы халықаралық сертификаттармен марапатталды.
✅Бүгінде әріптестеріміз елімізге аман-есен оралып, арамызға қосылып, жұмыстарын жалғастыруда. Жинақталған тәжірибе өңіріміздің аграрлық секторы мен ветеринария саласының дамуында, білікті де білімді мамандарды даярлап шығуда үлкен септігін тигізеді деген нық сенімдеміз!
✅Ынтымақтастығымыз артып, әріптестігіміз өз жалғасын таба берсін!