Ғылым апталығы
2024-04-12 | Ғылым
✅Ғылым апталығы аясында Шәкәрім ордасының Ғылыми кеңес шешімімен ветеринария ғылымының салаларына арналған үш ғылыми мектептің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 70 жылдық тарихы бар ветеринария саласындағы жоғары білімді, білікті мамандарды даярлап келе жатқан білім ордамыз үшін бұл сәт ғылымды дамытудағы маңыздылықты айқындап бергендей.
✅Университет профессорлары М.М.Искаков, З.Қ.Тоқаев, С.Т.Дюсембаев - саналы ғұмырларын білімді мамандарды даярлауға арнаған білікті тұлғаларымыз.
✅Аталмыш жиынға Университет басшылығы, ПОҚ, түлектер, білім алушылар қатысты. Ғылыми мектептің жетекшілері таныстырылды. Университет ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков ғалымдарымызды құттықтап, жылы лебізін білдіріп, ғылыми мектептердің куәліктерін табыстады.
✅Бүгінгі ғылыми мектептердің ашылуы - ғалымдарымыздың үздіксіз еңбектерінің жемісі деп білеміз.