Шет елдік ғалымдар тәжірибемен бөлісуде
2024-10-09 | Жаңалықтар
✅Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2024 жылы оқу үдерісіне шетелдік профессорларды тарту бағдарламасы аясында Шәкәрім университетіне гранттық орындар бөлген болатын.
✅Осы орайда университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық орталығының қолдауымен “Ветеринария” кафедрасына
Турция мемлекеті, Карс қаласы «Кавказ» университетінің профессорлары Джихан Качар,Явуз Озтюрклер және қауымдастырылған профессор Мустафа Реха Джошкун бір ай бойы студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқитын болады.Сонымен қатар кафедрамыздың профессорлық-оқытушылар құрамымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.