• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Практикалық-семинар өтті

2024-10-30 | Ғылым

✅ «Qazaq Aqbas» Республикалық Палатасы, Ветеринария және ауыл шаруашылық зерттеу мектебі (Н.Ж. Есенгулова, А.Е. Ахметжанова, С.Д. Тусупов, Е.Е. Билялов, Д.М. Муратбаев) профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе ұйымдастырылған «Ауыл шаруашылығы және ветеринарияда заманауи инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы практикалық-семинар өтті.

✅ Семинардың басты практик-лекторлары Джихан Качар - профессор, PhD докторы, Кавказ университеті, Карс, Түркия; Явуз Озтюрклер - профессор, PhD докторы, (шетелдік ғалымдарының қатысуымен, КАФКАС университеті, Түркия) тәжірибе алмаса отырып ашық талқылау форматында өткізді.

✅Семинар барысында ветеринариялық қауіпсіздіктің түрлі өзекті мәселелері, өнімді жануарларды өсіру, бордақылау кезінде жануарлардың жалпы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері қаралады және кеңестер беріледі.

✅Бірлескен семинарға Абай облысының ветеринариялық қызметі мен әр түрлі меншік нысанындағы шаруа қожалықтарының басшылары, мамандары қатысты. Іс-шараның формасы онлайн және офлайн режимінде біріктірілді.

✅Түрлі шаруашылық өкілдері қатысқан семинар өте пайдалы болды. «Qazaq Aqbas» Республикалық Палатасымен бірлесе өтетін іс шараларымыз, семинарларымыз алдағы жалғасын тауып, өңірдегі шаруа қожалықтардың дамуына әсер ететіні сөзсіз!

Бөлісу

@livewireScript