Профорентациялық жұмыс барысынан
2024-11-11 | Жаңалықтар
✅11.11.2024 жылы Кафедрамыздың оқытушылары Жайлаубаев Ж.Д және Тусупов С.Д.
профорентациялық жұмыс бойынша “Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжіне” іссапармен барды.
✅Іссапар барысында “Агроөнеркәсіп кешені мен ветеринариядағы қазіргі үрдістер: білім мен дағдыларды жаңарту» тақырыбында семинар өтті.
Семинар аясында, Шәкәрім университеті туралы мәліметтер, мамандықтарға егжей-тегжейлі шолу, мамандарға қойылатын талаптар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жалақы, кәсіпке сұраныс, бос жұмыс орындарының географиясы, агроөнеркәсіп кешеніндегі инновацияларға, технологияларға,баса назар аударылады.
✅Іссапар барысында барлық жағынан көмек көрсеткен “Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі” ұжымына және оқу жөніндегі орынбасары Алма Шаймардановна мен профорентатор Аделина Алмазовнаға алғыс білдіреміз!