Өндіріспен байланыс сабағы
2024-12-02 | Жаңалықтар
🔵“Студенттік экскурсия: өндіріс процестерімен танысу”
🔵28 қараша күні В-101 тобы студенттері кафедра оқытушысы Жайлаубаев Жәнібек Дәлеловичтың жетекшілігімен ЖШС “Ардагер” өндіріс орнында болды.Студенттер экскурсия барысында құс шаруашылығының өңдеудің әртүрлі кезеңдерімен және сол процесте қызмет ететін мамандардың жұмысымен танысты.
🔵Дайын өнімді өңдеу процесін бақылады. Қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі және заманауи технологиялардың арқасында құс еті санитарлық талаптарға толық сәйкес өңделіп, тұтынушыларға жеткізіледі.
🔵Экскурсия барысында студенттер тек өндірістік технологияларды ғана емес, ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығын да түсінді