Шаруашылықта өткен аудиториядан тыс сабақ
2024-12-08 | Жаңалықтар
🔹Өндіріспен байланыс студенттердің теория мен практиканы қатар алып жүруіне пайдасы көп болып табылады.
🔹06.12.2024 күні кафедрамыздың оқытушысы Мұқатаев Айтбек Мұратұлы, В-101 тобымен аудиториядан тыс сабақ өткізді. Сабақ барысы “Азамат 2” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде өтті.
🔹Шаруашылықта өткен сабақтың ерекшелігі әр студент жеке-жеке ірі қарамен жұмыс жасаудың қол жетімділігі. Кооператив меңгерушісі Ринат мырзаның бақылауымен Айтбек Мұратұлының жетекшілігімен сиырларды тік ішекке қол салу арқылы буаздықты анықтаудың және УЗИ аппаратымен жұмыс істеуді меңгере отырып төлдің дұрыс орналасуын бақылады.
🔹Аудиториядан тыс сабақтарға ерекше көңіл бөліп көлікпен қамтамасыз еткен университет басшылығына және “Азамат 2” ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі директоры Данабаев Асқар Отаргажинович мырзаға алғысымызды білдіреміз!