• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Патологиялық анатомия пәні аясында

2025-02-11 | Жаңалықтар

 Бүгін «Патологиялық анатомия» пәні аясында аға оқытушы Ж.М. Нуржуманова В-201 тобы студенттерімен жануарлардың денесін сойып сабақ мақсатына пайдаланды.

 Бұл шараның мақсаты – жануарларды дұрыс сою әдістерін көрсету, сондай-ақ студенттерді практикалық дағдыларға үйретіп, ішкі ағзалардың патологиялық өзгерістерін ескере отырып диагноз қоюға баулу. Сабақ барысында студенттер жарып сою әдістерімен, анатомиялық ерекшеліктерімен танысып, патологиялық өзгерістерді анықтап, ауруларды анықтауда дағдыларын дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу

@livewireScript