• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
8D09102 - Ветеринариялық санитария
D138 Ветеринария білім беру бағдарламаларының тобы 8D09 Ветеринария білім беру саласына кіреді

Кіріспе
8D09102- Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған. Жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыратын 2 модульден тұрады. Білім беру бағдарламасы ҚР ҒжЖБМ 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға ортақ стандарты, магистратура негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасы мақсатты, күтілетін нәтижелерді (құзыреттілік бірліктерін) регламенттейді, бағдарламаның сипаттамасы мен түлектің кәсіби қызметінің бағыттарын, оқыту нәтижелері мен алынған құзыреттерді, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын қамтиды.
Докторанттарды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 45 кредиті, оның ішінде педагогикалық практика кемінде 10 кредит, зерттеу практикасы – 10 кредит, сонымен қатар кемінде 123 кредит ғылыми-зерттеу жұмысына (ҒЗЖ), және 12 кредит докторлық диссертацияны жазу мен қорғауға болып табылады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл
Мақсаты
Ғылым, білім беру, басқару саласында инновациялық қызметке қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «8D09102 Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының философия докторы (PhD)
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Аға оқытушы,, доцент, кафедра профессоры; Кафедра меңгерушісі; Факультет деканы; Жоғары оқу орны мен ҒЗИ ғылыми қызметшісі; Ветеринариялық зертханалар мен бөлімдерде басшы; Өндіріс саласындағы бас ветеринариялық-санитариялық дәрігерлер
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    8
  • Кәсіби қызмет саласы
    Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, басқару қызметі
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - «Ветеринария» бағыты бойынша ББ бар университеттер мен колледждер; - ветеринариялық ғылыми-зерттеу ұйымдары; - «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК; - «Ұлттық ветеринариялық-анықтамалық орталық» ММ; - жануарлар мен өсімдік тектес азық-түлік өнімдері мен жемдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау, сату бойынша кәсіпорындар; - ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы - мемлекеттік кеден қызметі мекемелері мен өткізу пунктері.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Сарапшы-бақылаушы – - жануарлар мен өсімдік тектес өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау; - жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өндіруге, тасымалдауға және өткізуге ветеринариялық-санитариялық бақылау; - жануарлардан өндірілген өнімдер мен шикізаттар арқылы берілетін аурулардың алдын алу; - Қазақстан Республикасының аумағын импорттық өнімдер мен шикізат арқылы жұқпалы аурулардың енуінен қорғау. Ғылыми-зерттеу - ветеринариялық, биологиялық, экологиялық және тамақтану бағытындағы ғылыми-зерттеу, өндірістік мекемелерде ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізу. Өндірістік-технологиялық - жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату технологиясының сақталуын ұйымдастыру және бақылау; дәрілік заттарды, биологиялық өнімдер мен азық қоспаларын өндіруді және пайдалануды ұйымдастыру және бақылау; азық беруді әзірлеу және дайындау Ұйымдастыру-басқару - Қазақстан Республикасының аумағында ветеринария заңнамасының сақталуын бақылау; - қоршаған ортаның биологиялық ластануын бақылау; - жануарлармен, құстармен және балықтармен жұмыс жасау кезінде ветеринариялық персоналдың және басқа да мал шаруашылығы, құс және балық өсіру қызметкерлерінің қауіпсіздік шараларын сақтауын оқыту және бақылау; - балық, құс еті, жануарлар мен өсімдік өнімдерін, биологиялық белсенді заттар мен қоспаларды өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау; - сараптама және қадағалау қызметін жүзеге асыратын кәсіби топты басқару, ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау. Жобалау - тамақ, ет және сүт объектілерін (ет комбинаттары, қасапханалар, сүт зауыттары, шұжық, консервілер, ірімшік сүт өндірісі және т.б. шығаратын мини-фабрикалар) салудың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға және сараптауға қатысу, сауда желісі, зертханалық және базардың ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы. Білім (педагогикалық) - мамандық профиліне сәйкес орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс; - сараптама және қадағалау қызметін жүзеге асыратын ветеринария мамандарын даярлау және қайта даярлау.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Ветеринариялық-санитариялық қадағалауға жататын мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді.

Эпизоотологиялық қадағалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жануарлардың, құстардың, аралардың эмерджентті және табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларын эпизоотологиялық қадағалау жүйесін жетілдіреді.