Білім беру бағдарламалары
7M09101 - Ветеринариялық медицина
М138 Ветеринария білім беру бағдарламаларының тобы 7М09 Ветеринария білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
-
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Ветеринария және агроменеджмент факультеті, Ветеринария кафедрасының 7M09101-Ветеринариялық медицина мамандығы бойынша іске асыратын білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптары негізінде университеттің ұстанымдық қағидаларын ескере отырып әзірленді. Білім беру бағдарламасы білім беру процесін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мағыналық мазмұнын, шарттары мен технологияларының бағыты бойынша түлекті даярлау сапасын бағалауды регламенттейді. Магистратура курсының кәсіптік қызметі мен мақсатын және білім беру процесін ұйымдастыру үшін құжаттар жүйесін білдіреді. Осыған орай бағдарламаның іске асырылуы ғылыми-педагогикалық және кәсіптік бағыттары мамандық біліктілігін тереңдетіп түсіндіріліп, келешекте жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және ғылыми-зерттеулерді сараптау іс шарасын жетік атқаруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарламаның жүзеге асырылуы шет елдік жетекші ұйымдармен тығыз қатынаста іске асырылады. Білім беру бағдарламасының мазмұны модульдік форматта әзірленген оқу жоспары арқылы құрастырылған.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
Мақсаты
Оқу бағдарламасының мақсаты - ветеринариялық медицинаның заманауи жетістіктері негізінде жануарлар аураларының диагностикасы, емдеу және алдын алудағы ветеринариялық іс шаралардың теориялық және практикалық негіздемесін тереңдете оқып игереді.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік7M09101 - Ветеринариялық медицина білім беру бағдарламасы бойынша Ветеринария ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміБағдарлама негізінде магистранттарды даярлауда жүзеге асырылатын ғылыми, практикалық және педагогикалық ілімді игеруде мемлекет пен нарықтың қажеттіліктеріне тиісті ветеринария салаларымен байланысты бағыттар бойынша теориялық және практикалық біліктілікті меңгерді; - Кәсіби әлеуеті жоғары, оның ішінде азаматтық ұстанымы жеткілікті, ғылым мен өндірістегі қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, жоғары оқу орындарында сабақ бере алатын, ветеринарияның әртүрлі құрылымдарында зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын кәсіби қарым-қатынас мәдениеті жоғары мамандарды даярлау; - Магистранттарға жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуы мен таралу заңдылықтары, заманауи диагностика әдістері, олармен күресу құралдары мен тәсілдері туралы кең білім беру;
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласыҒылыми педогогикалық зерттеу жұмыстарындағы заманауи жетістіктердің ветеринариялық және педагогикалық практикадағы қолданылуындағы басты ұстанымдарды игеру мақсатында кәсіптік білім қызметінің бағыттарына қатысты әртүрлі ұйымдастыру мен басқарушылық жұмыстардың құқықтық-нормативтік іс құжаттарын жүргізу;
-
Кәсіби қызмет нысаны"Ветеринарлық медицина" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері: -жоғары, орта-арнайы, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, ғылыми - өндірістік орталықтар мен институт бөлімдеріндегі ғылыми қызмет. -ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, балықтардың, бал араларының барлық түрлері және олардың өнімдері, әртүрлі ауруларға қарсы профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге; - жұқпалы ауру жануарларды емдеу, жою кезінде жабдықтар мен аспаптар, биопрепараттармен тікелей жұмыс атқару;
-
Кәсіби қызмет түрлеріНегізгі кәсіптік білімнің мақсаты мен міндеттеріне орай ветеринария саласының барлық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын құрастырудағы өзекті мәселелерді сараптай алу мен оны жүзеге асыруға негіздеме беру. - Ветеринариялық-санитариялық іс шараларға қатысты барлық қызмет түрлері бойынша ауыл шаруашылық өндірістің барлық субъект түрлері; - транспорт, цирктер, ипподромдар, лабораториялар, зоопарктер, ет комбинаттар, биокомбинаттар және биологиялық препараттар сапасын бақылау және дайындау бойынша орындар; - ветеринариялық,биологиялық профильдер ұйымдары және ғылыми зерттеулік институттар; әскери-ветеринариялық қызмет; - импортталатын жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат арқылы адам мен жануарларға ортақ аурулар қоздырғыштарын, сондай-ақ қауіпті зооноздарды әкелуден мемлекет аумағын қорғау; - жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы жалпы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру; -техникалық және ауыл шаруашылығы бағытындағы орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарындағы және өндірістегі өндірістік қызмет;
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1.Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Модуль 2.Ветеринариядағы жаңа әдіснама негіздері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Модуль 3.Ветеринария саласының қазіргі мәселелері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қорытынды аттестаттау
Модуль бойынша оқыту нәтижелері: