Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М09102- Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміЖОО-да және ҒЗИ-да ғылыми қызметкер Ветеринария саласындағы басқарушы аппараттың менеджері және маманы Өндіріс саласындағы ветеринариялық дәрігер Аграрлық сектор мен мал шаруашылығы шаруашылықтарының ғылыми-зерттеу зертханаларындағы ветеринариялық дәрігер Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарындағы ветеринариялық дәрігер
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласыҒылыми-педагогикалық, ветеринарлық қызмет
-
Кәсіби қызмет нысаны- ветеринарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке ұйымдар; - арнаулы орта және кәсіптік жоғары оқу орындары; - білім беру секторының ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары ; ; - жануарлардан және өсімдіктерден алынатын тамақ өнімдері мен жемшөптерді өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу жөніндегі кәсіпорындар; -базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы және тамақ қауіпсіздігі зертханалары; - Мемлекеттік кеден қызметінің мекемелері және бақылау-өткізу пункттері;
-
Кәсіби қызмет түрлеріҒылыми-педагогикалық қызмет. – эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін өңдейді және талдайды – МҒЗЖ тақырыбы немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есептердің бөлімдері)жасайды; - ветеринария саласындағы ғылыми-техникалық және патенттік әдебиеттерді іріктеуді жүргізеді, оны талдауды және қорытуды жүзеге асырады; - эксперименттік зерттеулерді жоспарлайды және ғылыми эксперименттерді орындайды; - зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикаға енгізеді; - оқу үдерісін ұйымдастырады ;; - оқу процесін әдістемелік сүйемелдеуді әзірлейді; - педагогикалық технологияларды қолданады; - оқу үрдісінде инновациялық әдістерді қолдануды ұсынады. * Ұйымдастыру-басқару қызметі: - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері туралы кәсіпорын материалдарын талдайды және қорытады – ; - кәсіпорын мамандарының өндірістік қызметіне әдістемелік басшылықты ұйымдастырады; -жаңа ветеринариялық-санитариялық препараттарды сынақтан өткізуді және енгізуді ұйымдастырады – ,
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Модуль жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау саласындағы теориялық және практикалық міндеттерді талдау және шешу бойынша дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін бағалаудың экспресс-әдістерін игеруге бағытталған.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Модуль ветеринариялық санитария, санитариялық микробиология саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ жануарлар өлген жағдайда сот сараптамасының қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырады.