![news](https://rsvma.faculty.shakarim.kz/storage/uploads/news/HKb4IgnYuaokkuNXFbW1RaaJRV2YhrBQdlJTvj5C.jpg)
Оқытушы-практиктердің шеберлік сағаты
2022-12-09 | Жаңалықтар
ЛД-021 тобында “Орман қорғау” пәні бойынша “Орман алқаптарын химиялық әдіспен қорғау” тақырыбында мастер-класс форматында ашық сабақ жүргізілді. Мастер классты өткізген практик-оқытушы “Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы” РМҚК-ның инженер орман паталогы Тұрлыбеков Қаршыға Мұратханұлы. Сабақ “Ертіс орманы” МОТР” РММ-сінде жүргізілген химиялық қорғау жұмыстары мысалында түсіндірілді.