• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Саяхат сабақ

2023-10-03 | Жаңалықтар

3 қазан 2023 жылы ЛРО -101 тобының студенттері аға оқытушылар Закиева А.А. және Тұрлыбеков Қ М. ұйымдастыруымен Бесқарағай ауданы Канонерка филиалында орналасқан орман тұқым питомнигіне саяхат сабақ жасады. Саяхат сабақ "Орман питомниктері" пәні бойынша өтті. Сабақ барысында  тұқымбүршіктерден тұқым алу, кептіру, сақтау және өңдеу, жылыжайда жабық тамыр жүйесімен өсірілген көшеттерді өсіру, шынықтыру және ашық топыраққа көшіріп отырғызу, 1 жылдық және 2 жылдық көшеттерді күтіп - баптау, суару, қазып алу және тасымалдау процестерін питомник басшысы Надирбеков Р.Г. мұқият түсіндіріп өтті. 
Қарамызра орманшылығының басшысы Дуненбаев Д.Д. өз кезегінде орманшылықтағы орманды қорғау, сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырып, кәсіптік тәжірибеден өтуге және жұмысқа тұруға шақырды. 
Питомник туралы теорияда оқып - білгендерін іс - жүзінде көрген студенттер сұрақтарына жауап алып, танымдарын кеңейтіп келді.
Айта кетерлігі, бұл орман тұқым кешені Орталық Азиядағы жалғыз кешен, қарағай көшеттерімен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын қамтамасыз етіп отыр.

Өз тарапымыздан әрқашан білуге деген ынтасы бар студенттерге барлық ақпаратты түсіндіруге тырысатын "Семей орманы" ММ МОТР қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. 


 

Бөлісу