
ЛРО-303 тобы кітап сыйлады
2025-02-13 | Жаңалықтар
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 2025 жылы ақпан айының 13 жұлдызы «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының 6В08303-«Орман ресурстары және аңшылықтану» ББ, ЛРО-303 тобының білім алушылары және куратор Сатиева К.Р. бірлесіп «Кітап оқып, кітап сыйла» атты кураторлық сағат ұйымдастырды.
Мақсаты: Білім алушыларды жақсы кітап оқуға ынталандыру, бір-біріне кітап сыйлауға шабыттандыру.
Кураторлық сағатты өткізу барысында студенттер жаңа басылымдармен танысып, "сұрақ-жауап"викторинасын өткізді.