news

Орман қорғаушылар үйірмесінің экологиялық бастамасы!

2025-10-10 | Жаңалықтар

Шәкәрім университетінің «Орман қорғаушылар» үйірмесі ғылыми жетекшілері Ж.М. Байгазакова және Г.И. Джаманованың жетекшілігімен студенттер арасында экологиялық сананы арттыру мақсатында пайдалы іс-шара өткізді. 

Іс-шара барысында білім алушылар университет аумағындағы гүлдердің тұқымдарын жинап, тазалау жұмыстарын орындады. Бұл жұмыс келешекте көктемгі көгалдандыру және гүл егу науқандарына дайындық ретінде үлкен маңызға ие. 

Осындай экологиялық бағыттағы шаралар студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастырады.

Бөлісу