• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B08102 - Green fields технологиялары
B077 Өсімдік шаруашылығы білім беру бағдарламаларының тобы 6В08 Ауылшаруашылығы және биоресурстар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 7 орын 6B08102 «Green fields технологиялар» «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының, ветеринария және агроменеджмент факультеттің білім беру бағдарламасы бойынша «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жүзеге асыратын білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Білім беру бағдарламасы білім беру процесін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы даярлау бағыты бойынша түлекті даярлау сапасын бағалауды регламенттейді және түлектің кәсіптік қызметінің бағдарламасы мен бағытын, оқыту нәтижелері мен алынған құзыреттерді, оқыту нәтижелерін бағалау саясатын, білім алушыларды даярлау сапасын қамтамасыз ететін білім беру процесін ұйымдастыруды, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын, тиісті білім беру технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарды қамтиды. Білім беру бағдарламасының мазмұны модульдік форматта әзірленген оқу жоспары арқылы іске асырылады, онда білім берудің бірінші деңгейі үшін пәндердің үш циклы көзделген: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейіндеуші пәндер циклы және қорытынды аттестаттау.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Еңбек нарығының қазіргі жағдайында өсімдік шаруашылығы және егіншілік саласында инновациялық технологияларды меңгерген білікті ауыл шаруашылығы маманын қалыптастыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6B08102 «Green fields технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Аталған білім беру бағдарламасы бойынша түлекке «ауыл шаруашылық бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: - дала шаруашылық-агрономы; - өсімдіктерді қорғау бойынша агрономдар; - мелиоратор-топырақтанушы; - фермер-менеджерлер; - ауыл шаруашылық бағытындағы ұжымдық шаруашылықтар және фирма басшылары; - тұқымдық бақылау, сорт сынау, өсімдік қорғау бойынша инспекторлар; - шекарадағы карантиндік тексеру бойынша инспекторлар; - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдейтін барлық зертханаларда; - аймақтық инспекция инспекторлары; - жаңа техникалар және технологияларды енгізу бойынша инженер.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    - басқарма (зертханалар, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылық бөлімінде); - ғылым (ауылшаруашылық дақылдары, олардың сұрыптары және будандары, өсімдіктің генетикалық жинақтары және екпе материал, тауарлық өнім – профилі бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары); - агрономиялық ландшафттар, табиғи азықтық жерлер; - топырақ және оның құнарлылығы; - тыңайтқыштар, пестицидтер, гербицидтер; - ауыл шаруашылық техникасы және құрылғылар; - өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және оның бастапқы өңдеу технологиясы; - өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау, тасымалдау және сату алдындағы дайындық технологиялары; - ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдық бөлімшесін, шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және басқару процестері; - алғашқы еңбек ұжымдары.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары, басқару саласы болып табылады.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    «Green fields технологиялар» білім беру бағдарламасының түлектері келесідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - өндірістік-технологиялық, - ұйымдастырушылық-басқарма, - жобалық, - ғылыми-зерттеу. Ғылыми-зерттеу қызметі: - зерттеу тақырыбы бойынша заманауи ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеуге дайындықпен; бекітілген жоспарлар мен әдістемелерге сәйкес агрономияда ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану қабілеті; топырақтың, өсімдіктердің және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үлгілерін зертханалық талдауға қабілеттілігі; Өндірістік-басқару қызметі: аймақтың нақты жағдайлары мен егіншіліктің интенсификация деңгейі үшін дақылдардың сорттарын таңдауды негіздеу, тұқымдарды егуге дайындау мүмкіндігі; топырақ өңдеу, егін егу және жинау агрегаттарын жинақтауға және олардың егістіктер бойынша қозғалыс схемаларын анықтауға, ауыл шаруашылығы машиналарын технологиялық реттеуді жүргізуге дайын болу; жоспарланған егінге органикалық және минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу, оларды дақылдарға енгізу әдісі мен технологиясын анықтау мүмкіндігі; ауыл шаруашылық кәсіпорнының ауыспалы егіс жүйесін және жерге орналастыруды негіздеуге дайын; құнарлылығын, көлбеулігін және беткейлердің экспозициясын, жер асты суларының деңгейін, қолданылатын тыңайтқыштар мен топырақ өңдеу машиналарының кешенін ескере отырып, топырақты өңдеу жүйесін ауыспалы егіс дақылдарына бейімдеуге дайындық; дақылдарды егу және оларға күтім жасау технологияларын негіздеуге дайын болу; өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру кезінде агрометеорологиялық ақпаратты пайдалану қабілеті; ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, өсімдік шаруашылығы өнімін бастапқы өңдеу және оны сақтауға салу тәсілін негіздеу қабілеті; табиғи жем-шөп алқаптарын жақсарту және ұтымды пайдалану, ірі және шырынды жем-шөп дайындау технологияларын негіздеуге дайын болу; өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті; Ұйымдастырушылық-технологиялық қызметі: - технологиялық пройессті басқарма объектісі ретінде сараптай алу қабілеті; - ауыл шаруашылық мекемесінің негізгі өндірістік ресурстарының құндық бағасын анықтай алу қабілеті; - орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру, әртүрлі экономикалық және шаруашылық жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және нормалау саласында басқарушылық шешімдерді табу және қабылдау қабілеті; - ауыл шаруашылығы нарықтарында маркетингтік зерттеулер жүргізу қабілеті; - кәсіпорын ресурстарын пайдалану және қалыптастыру бойынша ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға дайындықпен; - ұжымда жұмыс істеуге дайындығымен; шағын ұжымдарды ұйымдастыру және басқару қағидаттары мен әдістерін білуімен; стандартты емес өндірістік жағдайларда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер таба білуімен және олар үшін жауапкершілік алуға дайындығымен ерекшеленеді; - ұжымда және командада жұмыс істеу, әріптестермен, басшылықпен, тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас жасау; - мақсаттар қою, бағыныштылардың қызметін ынталандыру, орындалған тапсырмалардың нәтижесі үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, олардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау; - кәсіби қызметтегі технологиялардың өзгеруіне дайын болу. Жобалық қызметі: - Топырақ климаттық жағдайларға неғұрлым бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін өндіру бойынша меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін бизнес жоспарлар жасау.