• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

АГ-101 тобында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2023-03-29 | Жаңалықтар

Наурыз айының 29-жұлдызы күні Ауыл шаруашашылығы және биоресурстар кафедрасының оқытушысы, Құмарбекова Гүлнұр Алмасқызы АГ-101 тобында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан, 2-курс студенттерімен түсіндірме және талқылау жұмыстарын жүргізу маңызды болып саналды. Студенттер «сыбайлас жемқорлық» ұғымымен, оның көріну үрдістері және кейінгі зардаптары сынды мәселелермен танысты. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай болатынын түсіндіру, материалдық құндылыққа қарағанда рухани байлық пен адамгершілікті бірінші орынға қоюды ұғындыру. Сонымен қатар, жастардың дүниеге, қазіргі қоғамда туындайтын мәселелерге деген жеке көзқарасын қалыптастыру, елімізде жемқорлық көріністерінің алдын-алуға байланысты тұрақты ұстанымының қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылды.

Бөлісу