• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" кураторлық сағат өтті

2023-03-31 | Жаңалықтар

Бүгін Ветеринария және агроменеджмент факультеті "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасының 6В08301 "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасының үшінші курс ЛД-022 тобының білім алушылары "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" сұхбат түрінде кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты - университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыру болып табылады. Сұхбат берушілердің қатарына университет оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері кірді. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар нормативтік құжаттарға негізделді, олардың бірі "Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты" болып табылады. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің белгілерін түсінудің, оларды біздің ортада болдырмауға және олармен күресу әдістерінің маңыздылығы мәдениеттің, қызметтік этиканың, білім мен адалдықтың негізінде жатыр. Содан кейін біздің әрқайсымыз қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлық сияқты қауіпті құбылысты жоюға әсер етуі мүмкін деген қорытындылар жасалды!

Бөлісу