Семинар тренинг өтті
2023-04-12 | Ғылым
✅Университеттің ғылым апталығы мен Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165 жыл толуын мерекелеу аясында “Ветеринария” кафедрасында «Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ірі қара малдың инфекциялык кератоконьюнктивитінің эпизоотологиялық маниторингі” тақырыбында шаруашылық мал дәрігерлерінің, профессорлық-оқытушылардың және магистранттар мен студенттердің қатысуымен семинар өткізілді.
✅Семинарды “Ветеринария" кафедрасының аға оқытушысы Нуркенова Марал Карипполлаевна жүргізді. Тақырып бойынша магистрант Усманов Мади өзінің зерттеу жұмыстарын баяндама ретінде көрсетіп өтті.
✅Семинар барысында тақырып кеңінен талқыланып, өзекті мәселелер қозғалды.