• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Шәкәрім университетінің ар-ұждан кодексін студенттерге таныстыру және мақсаты мен міндеттерін айқындау мақсатында 07.04.2023жылы ТЖ-021 және ТЖ-101 топтарында «Шәкәрім университетінің ар-ұждан кодексі» атты топ сағаты өтті

2023-04-07 | Жаңалықтар

Кез-келген білім ордасының арнайы қалыптасқан тәртібі мен әдеп нормалары болады. Біздің шаңырағымызда ол – «Шәкәрім университетінің ар-ұждан кодексі».
Кодекстің мақсаты: университеттің ПОҚ, қызметкерлер мен білім алушылар арасында адал қарым-қатынас орнату.
Кодекстің міндеті: университет білім алушылары арасында академиялық адалдық пен әдеп нормаларды бұзу фактілерінің алдын алу және жою.
Кодекс мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, білім беру ортасында университеттің имиджін арттыруға, университет стратегиясын қолдау мақсатында енгізіледі және білім беру үрдісінде адалдық қағидаттарын, осы үрдіске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Шәкәрім университетінің ар-ұждан кодексін студенттерге таныстыру және мақсаты мен міндеттерін айқындау мақсатында 07.04.2023жылы ТЖ-021 және ТЖ-101 топтарында «Шәкәрім университетінің ар-ұждан кодексі» атты топ сағаты өтті.Топ сағатында кодекстің әр пункты жеке-жеке қарастырылды.
Топ эдвайзері: Қажыбекова Томирис Қайратқызы

Бөлісу