Табысты тұлғалардың дәрісі
"Табысты тұлғалардың дәрісі" жобасының аясында Абай облысының маслихат төрағасы Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы "Менің өмірім, менің жетістіктерім" тақырыбындағы өткен студенттермен кездесуде өз тәжірибесімен бөлісті.
Қуаныш Серікқазыұлы еңбек жолын 1993 жылы "Шайзада"Жамбыл фирмасының жабдықтаушы – экспедиторы болып бастаған. 1994 жылдан 1995 жылға дейін Алматы қаласының "Гүлжан" ТЖМ директоры.1995 жылдан 2001 жылға дейін-Н. К. Крупская атындағы орта мектептің әскери жетекші, оқу ісінің меңгерушісі. 1998 жылдан бастап Шалабай ауылдық округінің жастарымен "Келешек – Будущее"жастар қозғалысын құрып, қоғамдық жұмыстармен айналысты,ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастырып, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізді. 2006 жылдан бастап 2022 жылғы маусым айына дейін "Шалабай"жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта Абай облысының маслихат төрағасы қызметін атқарып отырған бірегей тұлға бүгінгі өткен кездесуде әр саланың өзіндік ерекшеліктері, қызығы мен қиыншылығы туралы баяндады.