• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Сайлау 2023

2023-03-20 | Жаңалықтар

Сайлау – белгілі бір кезеңге биліктің заңдылығын көрсететін, бекітетін саяси институттың бірі. Сайлау болмаса, заңды еш­кім мойындамайды. Заңды мойын­дат­қызатын, дәлелдейтін жал­ғыз жол – сайлау институты.

Сайлау таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіншілік. Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздығы тіпті арта түседі. Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың маңыздылығын сезініп, еліміз үшін кафедрамыздың ПОҚ-ы мен студенттері де жаппай елеулі үлестерін қосты. Таңғы 8 ден түскі сағат 13:00 ге дейін кафедрамыздың оқытушылары мен студенттері 100% өз таңдауын жасады. Студенттеріміздің қатарында 18 жасқа тола сап алғаш рет дауыс берген студенттердің саны да аз емес.

Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасы мемлекетіміздің болашағы үшін қам жейді. Сол себепті біз сайлауға бір адамдай қатыстық. Біз өз таңдауымызды жасадық✅✅✅

Бөлісу