
Алғыс айту күніне арналған топ сағата ЛРО-101 тобы
2023-03-01 | Жаңалықтар
2023 жылдың 1 наурызында ЛРО – 101 тобының студенттері «Шәкәрім ТОП сағаты» циклімен «Алғыс айту парызым» тақырыбында топ сағатын ұйымдастырды.
Топ сағаты үш бөлімнен тұрды.
1 – ші бөлімде студенттер топтың атын қойып, тақырып бойынша мақал – мәтел мен нақыл сөздерден жарыс ұйымдастырылды.
2- ші бөлімде Отанға, туған жерге, ата – анаға, ұстазға, достарына алғыс сөздерін білдірді. Өздерінің шынайы алғыс алған және алғыс білдірген оқиғаларымен бөлісті.
3- ші бөлімде ән мен өлеңнен тарту жасады. Тақырыпқа сай презентациямен, бейнероликтермен таныстырды.
Топ старостасы: Каримбекова Д.
Топ кураторы: аға оқытушы Закиева А.А.