• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ашық сабақ өтті

2023-02-23 | Жаңалықтар

Бүгін «Ветеринария және агроменеджмент» факультетінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында оқытушы,  Құрманғали Ләйлім Саматқызының «Аң шаруашылығы және аңшылықтану» ББ бойынша «Аңшылық ит шаруашылығы» пәні бойынша  “Тазы тұқымдарының экстерьері мен конституциясын сипаттау” ашық  тәжірибелік сабақ өтті. Сабақ студенттердің қызығушылығын тудырды. Көрнекілік әдістерін қолдану, сабақтың көрнекілігін арттырып, студенттердің назарын негізгі мәселеге аударуға көмектесті. Сабақ барысында студенттер демонстрациялық тапсырмаларды нәтижелі орындады. Оқытушы берген тапсырмалар тақырыпты дұрыс ашты. Ашық сабаққа факультеттің жас және тәжірибелі оқытушылары қатысты.

Бөлісу