• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Эрудит интеллектуалды-танымдық ойыны

2023-03-01 | Жаңалықтар

01.03.2023жылы факультетімізде ерекше шара өтті. Бұл жолы факультет ПОҚ-ы өзара білім жарыстырды. Алғыс айту күнінде өткен"Эрудит" атты интеллектуалды-танымдық ойыны оқытушыларға арналған сергіту сәтіндей болды. Бұл ойынға барлығы 3 топ қатысты. Ойын соңында "Тұлпар" командасы бәрінен үздік болды. Бұл шара факультеттің жас оқытушыларының ұйымдастыруымен көп жыл қызмет етіп жүрген ұстаздарға арнап өтті. Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен және кішігірім ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Алғыс айту күні демекші, марапаттаудан кейін барлық оқытушылар бір шеңбер құрып, бір-біріне алғыс айтты. Жүрек жылытар және миды жаттықтырар осындай шара факультетіміздің оқытушыларының топтық жұмыс жасауын және өзара қарым-қатынастарын нығайта түсті.

Бөлісу