![news](https://rsvma.faculty.shakarim.kz/storage/uploads/news/zNu0jNgfIs7FWfntYuEXQLwBMuh9NMayfFuysGMp.jpg)
«ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША III МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДИАЛОГ
2022-10-31 | Жаңалықтар
ЕЛОРДАДА «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША III МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ. Іс-шара шеңберінде Қазақстанның ЖОО және ҒЗИ ғалымдары бизнесмендерге, кәсіпкерлерге және әлеуетті инвесторларға өздерінің ғылыми идеялары мен әзірлемелерін ұсынды. Коммерцияландыру реакторына 14 спикер-ғалым, 60-тан астам бизнес және университет өкілдері қатысты.
Бұл айтулы ғылым конференциясына “Пробиотикалық жем қоспалары” тақырыбындағы ұсыныс жобасымен ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор м.а Байғазанов Абдрахман Нұрмағамбетович қатысты!