• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Тілім тұғырым

2023-09-05 | Жаңалықтар

Расымен де, ана тілі-адамзат жаралғалы бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі болып келеді. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын асыл қазына.
Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы.
Жүз отыздан астам ұлт өкілі бір шаңырақтың астында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ еліміз деп сөз бастаған Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының эдвайзері Байгазакова Жадыра Муратханкызы ЛРО-301 тобымен Тілім-тұғырым атты кураторлық сабақ өткізді. Білім алушыларға викториналық сұрақтар қойылып,, естелік фотоға түсті.

Бөлісу