• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

40 жылдық кездесу

2023-06-13 | Жаңалықтар

❇️“Ветеринария” кафедрасында 40 жыл бұрын бітірген түлектер кездесуі болды.

❇️1978 жылы аталған оқу орнына 273 студент қабылданып, 10 топ болып құрылып, 1983 жылы 8 топ болып 200 ден астам жас маман Қазақстанның түкпір түкпіріне кетті.

❇️Бозбала кездің қызықты шағын бірге өткізген группалас-достар, қазір әр саланың маманы, Қазақстанның түкпір-түкпірінде абыройлы азаматтар сол бір қара шаңыраққа 40 жыл салып қайта оралды.

❇️Ұшқан ұяларын ұмытпаған аға-апайларымыздың дендеріне саулық,отбасыларына амандық тілейміз!

❇️Өскелең жас ұрпақ, студенттер қауымы алдыңғы буын аға-апайлары сияқты абыройлы, табысты, білімпаз болсын!

Бөлісу