• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Үздік педогогикалық шеберлік сағаты

2023-08-23 | Ғылым

✅2023-2024 оқу жылының басталуына орай университетте түрлі семинарлар ұйымдастырылуда.

Бүгін “Ветеринария” кафедрасында “Үздік педагогикалық тәжірибе” тақырыбындағы шеберлік сабақ аясында кафедрамыздың доценті,қауымдастырылған профессор Серикова Айнур Темешовна “Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы” тақырыбында кафедра оқытушыларына шеберлік сағат өткізді.

Шеберлік сағат барысында 2022-2023 жылдың екінші семестрінде, университет басшылығының қаржыландыруымен Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде біліктілікті арттыру курсынан алған білімімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Осы орайда бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауда жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын кезең кезеңмен біліктілігін арттырып отырудың маңызы ерекше екенін атап өткен жөн.
 

Бөлісу