 
            Жаңа оқу жылы жаңа аудиториялар ашылды
                    2023-09-02 | Жаңалықтар
                
                ✅Университет қабырғасында іске асып жатқан «Семей рухы» кешенді жобасы аясында “ Ветеринария және агроменеджмент” факультеті “Ветеринария” кафедрасында аптаның соңғы күні екі бірдей атаулы оқу аудиториясының тұсауы кесілді.
✅Жобаның басты мақсаты – шапағаты жалпақ қазақ жұртына жеткен туған өлкеміздегі тұлғаларды дәріптеу, олардың рухани мұрасын бүгінгі ұрпақ игілігіне жарату болып табылады.
✅Бүгін білімпаз жастар үшін есігін ашқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы дәріс залы Есенгелді Омарбекұлы атындағы оқу кабинеті студенттердің игілігіне, оқып-дамып, ғылымның өрлеуіне үлес қосары сөзсіз.
 
                 
                         
                         
                        