Өндірістік тәжірибе барысы
2023-09-28 | Жаңалықтар
«Ветеринария» кафедрасының, “Ветеринариялық медицина” мамандығының 5 курс студенттері оқу жоспарына сәйкес өндірістік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік тәжірибе барысындағы жұмыстар:
🔹”Семей қалалық аумақтық инспекциясында” ветеринариялық анықтаманы беру, экспорттау кезінде тасымалданатын обьектілерге ветеринариялық сертификат беру;
🔹 “Семей қаласындағы Ақшын базарында” вет-сан сараптау зертханасына сатылымға түскен еттердің(жылқы, сиыр, қой) қауіпсіздігін анықтау; сүт және сүт өнімдерін алу, сату гигиенасы мен санитариясымен танысу;
🔹ІҚМ, ҰММ қан алу шаралары;
🔹Аусылға қарсы вакциналар егу жұмыстары;
🔹Сырғалары түскен ірі қараларға қайта сырғаландыру жұмыстары жүргізілуде.