• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ашық сабақ

2023-10-09 | Ғылым

✅09.10.2023 жылы Ветеринария кафедрасының аға оқытушысы Билялов Ермекқазы Ережепович ветеринария ғылымдарының кандидаты “Ветеринариялық медицина” мамандығының ВМ-021 тобы студенттеріне “Жалпы терапия” пәнінен “Жануарлар мен құстарды рентгенологиялық тексерудің негізгі әдістері және олардың қағидалық айырмашылықтары” тақырыбында ашық дәрісін оқыды. ✅Дәріс мақсатында: 1. Рентгенологиялық зерттеулердің ветеринариялық практикада маңыздылығын және әдістерін оқыту. 2. Рентгендік кабинет және аспаптар туралы сипаттама және жануардың биологиялық ерекшелігіне қатысты зерттеу әдістері туралы түсінікті дәріптеу қарастырылды. Ашық сабақтың мағыналық мазмұны барысында жануарлардың жұқпалы емес ауруларының 85% -ын диагностикалау негізінде рентгенологиялық тексеру қолданылатыны айтыла келіп, бұл зерттеу жұмысының маңыздылығы жан жақты талқыланды. Дәріс негізінде ветеринариялық клиникадағы рентген кабинеттің жұмысын сипаттайтын видеосюжеттік қойылым көрсетілуі және рентгенологиялық зерттеудегі әдістер мен симптомдық көріністерге сипаттама берілді

Бөлісу