• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Халықаралық қарттар күні"

2023-10-01 | Құттықтау

Бүгін бүкіл әлемде "Халықаралық қарттар күні" мерекесі атап өтіледі! Шәкәрім университетінің ветеринария және агроменеджмент факультеті, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының 1 курс, ЛРО-302 тобының, 6В08303 - "Орман ресурстары және аңшылықтану" білім беру бағдарламасының білім алушылары таңертең Роза Зейнулқызы Жақыпованы құттықтады. Қарттар күні ақсақалдарға көмектесу және оларды құрметтеу керек екенін еске салады және бұл бүкіл қоғам үшін өте маңызды. Балалар Роза Зейнулқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, өлең оқып, тәттілер сыйлады. Барлық егде жастағы адамдар бүгінгі күні ең жылы сөздерге лайық!

Бөлісу