• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

DR.Hartwig Mennen СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

2023-02-15 | Жаңалықтар

Бүгін Shakarim University студенттерімен logo DR төрағасы Hartwig Mennen кездесті. Ол бағдарлама, тәжірибе, қаржылық мәселелер туралы толығырақ айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

🔹1995 жылдан бастап кәсіптік оқытуға, Органикалық ауыл шаруашылығына және халықаралық түсіністікке ұмтылады. Студенттер үшін Logo алты айлық органикалық ауылшаруашылық тәжірибелері мен семинарларын ұсынады. Тәжірибе бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Тәжірибешілер елге бару және қайту ақысын, сондай-ақ визаларды төлейді. Практика кезінде олар аптасына 40 сағат жұмыс істегені үшін айына 380 еуро алады. Қосымша жұмыс уақыты демалыспен өтеледі. Фермерлер тұру және тамақтану ақысын төлейді және Logo сақтандыру және семинар шығындарын жабады.

🔹Айта кету керек, практиканттардың алты ай бойы олардың эдвайзері болатын орыс тілді кураторы болады.

Бөлісу