• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Тәуелсіздікке тағзым

2023-03-01 | Жаңалықтар

1991 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін ең  бір маңызды, қуанышқа толы күні болды. Мінеки биыл тәуелсіз ел болғанымызға 31 жыл толып отыр. 31жыл ішінде қазақ халқының тарихында көптеген жақсы өзгерістер болды. Тәуелсіздік күні ел аумағында әрқашан жоғары деңгейде аталып өтіледі.

🔹Осы мерекеге орай Кафедрамыздың төртінші курс ВС-901, ВС-903 топтарының стеденттері және эдвайзері Айнур Сембаевнаның жетекшілігімен “Тәуелсіздікке тағзым” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Концерттік іс-шараның басы құрбандарды бір минут еске алудан басталып, хор, ән, би, күй және тарихи көрініс қойылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

🔹 Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Бөлісу