• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

OPEN DAY OF SHAKARIM UNIVERSITY

2023-11-17 | Жаңалықтар

Бүгін қасиетті қара шаңырақ атанып кеткен Шәкәрім университетінде болашақ талапкерлерге арналған ашық есік күні өтті. Бұл шарадан әр факультет, әр студенттік ұйым қалыс қалған жоқ. Ветеринария және агроменеджмент факультеті бұл шарада ұйымдастырылған көрмеге Агрономия, Орман ресурстары және аңшылықтану, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және Ветеринария білім беру бағдарламалары бойынша көрнекіліктерді көрермен назарына тарту етті. Ағаштан жасалған бұйымдар, мал тұқымдарың макеттері, өсімдіктердің тұқымдары, хош иісті емдік-дәрілік шөптер, жабайы аңдардың сүйектері және жануарлар(Бигль иті, қояндар және мысық) көрмеге қойылды. Біздің 4 аяқты достарымыз әрбір өткен жанды бей-жай қалдырмағаны сөзсіз. Сонымен қатар, электронды микроскоппен, сүт анализаторымен және узи аппаратымен жас түлектер өз бетінше жұмыс істеп көруіне мүмкіншіліктер берілді.

Бөлісу