• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Саяхат сабақ

2023-11-29 | Жаңалықтар

Доцент Сатиева К.Р. және оқытушы Құрманғали Л.С. 2023 жылғы 29 қарашада Риддер қаласындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында "Қорық ісі" пәні бойынша ББ 6В08302 - "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" ОЗ-021 тобының білім алушылары үшін саяхат сабағын өткізді. Фауналық байлығы бойынша Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Қазақстанның қорықтары арасында жетекші орындардың бірін алады. Сабақ барысында студенттер қорық мұражайына барып, Қазақстанның шығыс өңіріндегі жануарлар мен өсімдіктер әлемінің ерекше экспонаттарымен танысты. Қорық қызметкерлері қорықтың құрылу тарихын, сондай-ақ қорық аумағында мекендейтін жануарларды қорғау және сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді. 

Бөлісу