• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Курс сәтті өтті!

2024-01-09 | Жаңалықтар

Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Осы аяда Шәкәрім университеті басшылығының қолдауымен  профессорлық-оқытушылар құрамына ағылшын тілінен тегін курстар ашылған. "Ветеринария" кафедрасынан Молтабаева А.К., Төлеш Т.Қ., Мұқатаев А.М., Асылхан Д.С. біліктіліктерін арттырып, алғашқы деңгейлерін аяқтады. Университетімізде осы жұмыстарды ұйымдастырып отырған кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы мамандарына рахмет!!!  Оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған курс әлі де өз жалғасын таппақ.

Бөлісу