• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Shakarim High School»

2024-01-31 | Жаңалықтар

🔹Ветеринария және аргоменеджмент факультетіне «Shakarim High School» орталығының 10-11 сынып оқушылары келіп, факультетіміздің ішкі тыныс тіршілігімен танысты. 
🔹Ветеринария және агроменеджмент факультетінде қамтылған мамандықтармен факультетіміздің деканы және кафедраларымыздың меңгерушілері қысқаша түсініктеме жүргізді. Сонымен қатар кіші деканат құрамының ұйымдастыруымен оқушыларға арнайы шағын концерттік бағдарламада өткізілді. Белсенді студенттердің атқаратын қызметімен жетістіктеріде айтылды. Әр түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтар беріліп, оқушылардыда студенттік шақтың бір бөлшегін сезінуге мүмкіндік бере алды. 
🔹Оқушыларды келесі кезекте факультетімізде қамтылған кафедралармен таныстырылым жүргізіліп, әр мамандықтың өзіне тән қыр сырларымен және де ішкі көріністі көзбен көруге мүмкіндік жасады. 
🔹Болашақ жас түлек таңдауыңыз Шәкәрім шаңырағының ветеринария және агроменеджмент факультеті болса, факультетіміз сіздерді жылы шыраймен қарсы алып, білім нәрімен сусындатып және де студенттік шағыңызды бос өткізбей, белсенді студенттер қатарына қосып, студенттік шақтарыңызды қызықтарға толтыратынына сенімдіміз.

Бөлісу