
Кәсіптік бағдар беру жүргізілуде
2023-02-07 | Жаңалықтар
"Ветеринария және агроменеджмент" факультетінің ұстаздары Нуркенова М.К., Мукатаев А.М., Құрманғали Л.С. "№47" КММ мектебіне мектеп бітіруші түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үгіт-насихат жүргізіп қайтты. Түлектерге "Ветеринария және агроменеджмент" факультетіндегі ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы толықтай түсіндіріліп, оқу ғимараттары мен зертханалары, жатақхана туралы мәліметтер айтылды. Оқушыларға студенттік өмірдің мүмкіншіліктерін айтып, әлеуметтік желілермен таныстырды.