Қорытынды конференция өтті
2024-05-16 | Жаңалықтар
✅“Ветеринария”кафедрасының білім алушыларының тәжірибе бойынша қорытынды конференциясы болып өтті. Іс шараға университеттің мансап және тәжірибе орталығының жетекшісі Раукен Жеңісқызы профессорлық-оқытушылар құрамы және жұмыс берушілер қатысты.
✅Іс-шара мақсаты: Тәжірибеден өткен білім алушылардың кәсіби біліктілігі мен өзін-өзі тану дағдысын қалыптастыру және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастырудың шешу жолдарына бағыт беру.
✅Іс шара барысында студенттер әр тәжірибе базаларынан өткенін, тәжірибе барысында алған білімдерімен бөлісті.
✅Жас мамандарды дайындауда университет пен жұмыс берушілер арасындағы кері байланысты қалыптастыру және кеңейту мақсатында Мухаметкалий Асем – «Otan Green Food» ЖШС директор орынбасары
Өтебаева Әйгерім Сәкенқызы -«Otan Green Food» ЖШС бас мал дәрігері конференция барысында жұмыс берушілер студенттерге жетіспеушіліктерін ескертіп ұсыныс пікірлерін айтты.
✅Тәжірибе барысында өздерін жақсы қырынан танытып, теория мен практиканы ұштастыра білген жас мамандарды өндіріске жұмысқа шақыру ұсыныстарын білдірді.