• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Дәстүрлі спорттық спартакиада басталды

2025-01-20 | Жаңалықтар

🔹Шәкәрім университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Салауатты өмір салты» атты дәстүрлі спартакиада басталды.
🔹Биылғы жылы спартакиадаға университеттің Зерттеу және Жоғары мектептерінен 10 команда қатысуда. Олардың қатарында Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің оқытушылары да бар. Қатысушылар футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту және садақ ату сынды спорт түрлерінен сынға түсетін болады.
📌Оқу ордамыздың профессорлық - оқытушылар құрамына алдағы сайыстарға сәттілік тілейміз!

Бөлісу