• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

We are the champions!

2025-01-28 | Жаңалықтар

🔹Shakarim University -де профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында өткен «Салауатты өмір салты» спартакиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Университет ректоры Орынбеков Думан қатысушыларды құттықтап, белсенділік танытқан әрбір қатысушыға өз ризашылығын білдірді.

🥉 Спорттың 10 түрі – футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту және садақ ату бойынша өткен тартысты сайыста Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары шеберлік танытып, 10 команда арасынан ЖҮЛДЕЛІ 3-орынды иеленді. Бұл жетістік – ұжымның ұйымшылдығы мен спортқа деген құштарлығының айқын дәлелі болып табылады.

📌Оқу ордамыздың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз🎉Алдағы уақытта да осындай жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Бөлісу