• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«ZOO-ANATOM» ғылыми үйірмесі құрылды

2025-02-13 | Жаңалықтар

♻️Ветеринария кафедрасының оқытушысы, PhD Жакиянова Мейрамгуль Сайлаубаевнаның жетекшілігімен “Ветеринария” кафедрасында «ZOO-ANATOM» үйірмесі құрылып, өз жұмысын бастады.
♻️«ZOO-ANATOM» үйірмесінің мақсаты: 6В09103-Ветеринария білім бағдарламасы бойынша білім алушылар арасында ветеринария мамандығының негізін құрайтын «Үй жануарлар анатомиясы» пәнін жетілдіріп, қазіргі заманға сай дамытып, толықтыру арқылы болашақта ветеринарияның нағыз маманы болуына септігін тигізу. Жануарлардың құрылысын толық қарқынды, жеткілікті білулерін қамтамасыз ету. Әр түрлі үй жануарларынан бұлшықетті препараттар, макропрепараттар дайындау, қазіргі заманға сай атластар құрастыру.
♻️ «Ветеринария» мамандығының 1 курс, В-2401 топ білім алушыларының жасаған жұмыстарының нәтижесі үйірменің тек бастамасы ғана. Алдағы уақыттарда жоспарымызға сай басқада әртүрлі жануарлардың препараттары жасалынып білім алушыларға көрнекі құрал ретінде, тәжірибелік экспонат ретінде қолданылатын болады

Бөлісу