
“Семей орманы” МОТР РММ-ында Орман пайдалану пәні бойынша тәжірибелік сабақ өтті!
2025-02-12 | Жаңалықтар
ЛРО -201, ЛРО-203 топтарының білімалушылары кураторы О.Т Мухаметжанова мен А.Б Баймадиевамен бірлесіп “Семей орманы” "МОТР" РММ-ында тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар орман шаруашылығының негізгі әдістерімен танысып, ағаш кесу технологиясы яғни бөрінелерді өңдеу процесімен ағаш қалдықтарын қайта өңдеу бойынша теориялық білімдерін тәжірибеде ұштастырды.
Орман – табиғат байлығы! Оны дұрыс пайдалану мен қорғау – әр азаматтың міндеті!